Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Иран астанасы Тегеран қаласында Қазақстанның осы елдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Асхат Оразбаймен кездесті.
Кездесуде Қазақстан мен Иран арасындағы екіжақты қарым-қатынастар, соның ішінде мәдени ынтымақтастық мәселесі сөз болды. Бас мүфти Асхат Тұтқышбайұлына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жұмыс барысы туралы ақпарат берді. Сондай-ақ Горган қаласында тұратын Иран қазақтарымен кездесудің әсері өткенін атап өтті.
ҚМДБ Төрағасы осы сапарда ҚМДБ делегациясына айрықша қолдау білдіргені үшін елшілік ұжымына алғыс айтып, сый-сияпат ұсынды.