Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«Ата-анаға құрмет айлығы» бойынша іс-шаралар легі жалғасуда

0 507

«Сәдуақас қажы Ғылмани”мешіті ақпан айын «Ата-анаға құрмет айлығы» деп жариялап, ай басынан бері ата-ана институтының құндылықтарына қатысты түрлі шаралар өткізіп келеді. Солардың бірі мешітімізде өткен шәкірттер арасындағы білім сайысы.

Жұма күні Миғраж түніне орайластырылып, жиналған жамағаттың көз алдында өткізілген сайысқа бас имам Руслан Байзақов, наиб имамдар мен шәкірттер қатысты. Бас имам дініміздегі ата-ана құндылығының мән-маңызына тоқталып, шәкірттерге сәттілік тіледі.

Дін-мен дәстүр сабақтастығын насихаттайтын білім сайысында қатысушылар ата-анаға байланысты «Құран аятын жатқа оқып, мағнасын айту», «Хадис жатқа оқу, мағнасын айту», «Қазақ ақындарынығ өлең шумақтарын жатқа оқу», «Мақал-мәтелдер айту» сияқты 4 кезең бойынша сайысқа түсті.

Сайыс соңында жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыс етілді.

  

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.