Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти республикалық конференцияға қатысты

0 226

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Жезқазған қаласында «Ұлытау облысының рухани дамуы» тақырыбында өткен республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.

Басқосуда сөз алған Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы игі іс-шараға ұйытқы болған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына алғысын білдіріп, ізгі ниетін жеткізді.

Конференцияда негізгі баяндама жасаған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Біздің халық алдындағы басты міндетіміз – жұртымызды жақсылыққа үндеп, жамандықтан тосу, ізгі қоғам құруға қадам жасау. Сондықтан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы діни қызмет аясында 2023 жылды «Ислам және ізгі қоғам» жылы деп жариялады. Осы жыл аясында қоғам игілігіне арналған бірқатар іс-шараны атқару міндеті тұр. Бүгінгі басқосу ізгі бастаманың басы деп санаймын» деп атап өтті.

Жиында сөз алған Жабал Ерғалиев, Әлихан Бәйменов, Ғалым Жайлыбай сынды зиялы қауым өкілдері ізгі қоғам құруға қажетті алғышарттар жайлы ойларын бөлісті.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.