Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Қала мешіттерінің тазалықшыларына құрмет көрсетілді

0 338

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Руслан Байзақов Астана қаласына қарасты мешіт тазалықшыларына құрмет көрсетті.

Хадистердің бірінде «Тазалық иманның жартысы» делінеді. Шын мәнінде, бұл адамзаттық құндылықтың дәстүріміз бен дінімізде де тазалықтың алатын орыны айырықша.

Бүгінгі қала өмірінде тазалықшылардың үлесі елеулі. Күніге мыңдаған адам келіп-кететін мешіт ғимаратындағы тазалық жасау тіптен қиын.

Өкінішке орай, қарапайым еңбек адамдарының істеген ізгілігі, қоғамға қосқан үлесі еленбей жатады.

Бүгін «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде осы бір ісі елеулі еңбек адамдарына арналған іс-шара өтті.

Бас имам Руслан Байзақов қала мешіттерінің тазалықшы қызметкерлерін жинап алғысын білдіріп, сый-сияпат табыс етті.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.