Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти жаңа мешіттің ашылуына қатысты

0 217

Түркістан қаласында жаңадан салынған «Мұхаммед» мешітінің ашылу салтанаты өтті. Игі іс-шараға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысты.

Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) есімімен аталған құлшылық ордасының ашылу рәсімінде Бас мүфти: «Аллаға шүкір, жыл санап еліміздің әр өңірінде мешіттеріміздің қатары көбейіп келеді. Мешіт – мейірімділік мекені, рухани орда, қоғамды ізгілікке шақырып, ибалы болуға үйрететін қасиетті орын. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Кімде-кім жер бетінде мешіт бастаса, Алла Тағала ол пендесіне жәннаттан сарай тұрғызады» деген. Осы мешіттің бой көтеруіне атсалысқан, ұйытқы болған арда азаматтарға Алла разы болсын! Кәсіптеріне береке, отбасыларына амандық тілеймін» деді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.