Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти тарауық намазына қатысты

0 430

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елордадағы «Aq Meshit» мешітінде өткен тарауық намазында жамағатқа насихат айтты.

Мешіт жамағатын Рамазан айымен құттықтап, Хатым Құранда қарилар оқитын «Ағраф» сүресі жайлы насихат айтқан Бас мүфти: «Ағраф» сүресі – меккелік сүрелердің ең ұзыны. Барлық меккелік сүрелер секілді бұл сүреде де таухид, қайта тірілу, есеп күні, уахи және пайғамбарлық жайындағы тақырыптарға маңыз беріледі.

«Ағраф» – жұмақ пен тозақ арасында қойылған бір қамал. Ол екі жақ иелерін бір-бірінен бөліп тұрады. Ибн Жәрир Хузайфадан Ағраф жұрты жайында сұрағанда былай деген: «Олар сауаптары мен күнәлары тең болған пенделер. Күнәлары жұмаққа, сауаптары болса тозаққа кірулеріне кедергі болады. Сондықтан Алла оларға үкім шығарғанға дейін олар сол қамалда болады» деп, осы сүренің 55-аятына арнайы тоқталып өтті.
ҚМДБ Төрағасы тарауық намазының соңында жамағатпен бірге еліміз бен жеріміздің амандығы үшін дұға жасады.

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.