Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Қарттарға ауызашар берілді

0 175

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті елорда маңындағы «Көктал» ауылында орналасқан «Шарапат» қарттар үйінде ауызашар дастарқанын жайды.

Рухани шарада мешіт имамдары қазыналы қарттар үйінде ұзақ жылдар бойы жұмыс істеп  келе жатқан 10 қызметкерге арнайы сыйлық табыстап, құрмет көрсетті.

Игі шараға Астана қаласы Дін істері басқармасынан Нұрдәулет Иманәлі мен «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің қызметкері Жомарт Анарбеков қатысып, дастархан басында уағыз-насихат айтты.

40 адамға жайылған ауызашар дастарханында дәстүрлі әндер мен күйден шашу шашылып, қариялар көңіліне шуақ сыйлады.

 

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.