Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Наиб мүфти насихат айтты

0 162

Бүгін «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде Қадір түнінде ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы уағыз, насихат айтты.

Наиб мүфти жамағатқа «Мұсылманның бейнесі» тақырыбында көркем уағыз айтып, ислам тарихынан ғибратты мысалдар келтірді.

Мұсылман адамның шынайы болмысы, сипаттары мен қасиеттеріне тоқталған наиб мүфти, әрбір құдайшыл азаматтың бойында болуға тиісті артықшылықтар жайында сөз қозғап, құнды діни мағлұматтармен бөлісті.

Насихат соңында Сансызбай қажы Құрбанұлы жамағатпен бірге еліміздің амандығы мен береке, бірлігі үшін дұға жасады.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.