Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти діни оңалту жұмысына жауапты мамандарға дәріс оқыды

0 364

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ақтөбе облысына барған сапарында діни оңалту жұмысына жауапты мамандардың біліктілігін арттыруға арналған семинарға қатысып, дәріс оқыды.

ҚМДБ Төрағасы діни оңалту бағыты бойынша атқарылып жатқан кешенді жұмыстарға тоқтала келіп: «Жастарымызды жат ағымдардан сақтандыру, ағымдар жетегінде кеткен жандарды оңалту мақсатында мүфтият жанынан 2020 жылы Діни оңалту бөлімін аштық. Еліміз бойынша 200-ге жуық діни оңалту маманы қызмет істейді. Оңалту мамандары мешітке келіп жүрген және түзеу мекемелеріндегі жамағатпен тікелей жұмыс істеп, оларды оңалту және қоғам құндылықтарына бейімдеу бойынша кездесулер, ықпал ету акциялары, басқа да іс-шараларды белсенді түрде ұйымдастырып келеді» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Айта кетейік, ҚМДБ Діни оңалту бөлімі ашылғалы бері еркіндікте – 1286, түзеу мекемелерінде – 457, барлығы 1 743 адам деструктивті ағым идеологиясынан бас тартып, толықтай оңалды. Сондай-ақ осы жыл ішінде еркіндіктегі – 1286, түзеу мекемелеріндегі – 306, барлығы 1492 қазақстандық қоғам құндылықтарына бейімделді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.