Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Омарғазы Айтан: Жуылу мен туылу

0 686

Ымырт күлгіні мен таң рауаны

Ұйқы мен ояудың

Түйірім қоспасы

Ақ пен қоңыр бояудың.

 

Жұм сонда көзіңді

Өзіңе өзің

Ең соңғы рет көрініп,

Жоғалып табыласың ертеңінде,

Отырасың жар төсегінде ерініп.

 

Сұрамайды бірақ ешкім сенен:

– Келдің, – деп, – қайда барып?

Жоқтан бар боласың тағы бір рет

Күңгірт өңің ағарып.

 

Қирай жығылып адамзат

(Секілді о да бір мастық)

Жатады-ау серейіп шіркіндерің,

Әр адамға – бір жастық.

 

Жатып көр сен де,

Пікірден тоқтайсың кешікпей.

Жұмысың болмасын әлемнің арғы бетінде,

Бір түн болса да,

Шыдап көр ешкімге өшікпей.

 

Жатып қалма бірақ,

Жатушы еді ғой солай жалқаулар

Жүз жыл ұйқысы қанғанша.

Ескі қыстауда –

Тас қорада жамбасы талғанша.

 

Ұйқы мен ояу

Бір қағаздың екі беті.

Бір бетінде – қоңыр

Бір бетінде ақ суреті.

 

Ұйықта!

Барандап тынасың

Күнәдән жуылып.

Оян!

Ағарсын енді

Анадан қайта туылып.

Омарғазы Айтан

«Құстар қайғысы» жинағынан.

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.