Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Имамдарға құрмет көрсетілді

0 319

Қасиетті жұма күні басқа мешітке ауысқан қызметкерлерге мешіт ұжымы мен жамағаттың атынан құрмет көрсетілді.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Руслан Нақыпбекұлы жамағаттың алдында Рахметолла Байменов пен Серікбол Хаманның мешітімізде атқарған игі қызметтеріне алғыс білдіріп рахмет айтты. Ата салт бойынша, көпшіліктің атынан иықтарына шапан жапты.

Жуырда ғана Бас мүфтидің бұйрығымен мешітімізде ұзақ жылдар жұмыс жасап келген Рахметолла Байменов «Райса ана» мешітіне, Серікбол Хаман «Әлжан ана» мешітіне ауысқан еді.

Игі іс-шарада мешіт ақсақалдары да имамдарға ақ батасын беріп, жаңа қызметтеріне сәттілік пен абырой тіледі.

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.