«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде «Пәтуа сағаты» атты аранайы дәріс жалғасуда.
Аптасына жұма намаздан кейін өткізілетін дәрістің басты мақсаты – көпшілікке дұрыс діни ақпарат беру, жат ағымның алдын алу.
Дәріс барысында пейілді азаматтар өздерін толғандырған шариғи мәселелер мен тағат-ғибадат, сенім, таным мәселелері бойынша ҚМДБ пәтуалары негізінде жауап ала алады.
Кезекті дәріс бойынша, мешітіміздің наиб имамы Қабдысалым Рақымқазы жиналған жамағатқа пәтуаларды жеткізіп, сұрақтарға жауап берді.