Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қызылжар өңіріне барған сапарында «MUNARA TV» телеарнасының осы аймақтағы филиалының ашылу рәсіміне қатысты.
«Мүфтияттың төл телеарнасы «MUNARA TV» халқымызға дініміз бен дәстүрімізді насихаттап келеді. Төл телеарнамыздың жұмыс ауқымын ұлғайту мақсатында Петропавл қаласынан филиалын ашып отырмыз. Бұл студияда әзірленген тележобалар халқымыздың рухани дамуына оң ықпал етеді деген сенімдемін» деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.
Бас мүфти студия жұмысымен танысып, ұжым қызметіне сәттілік тіледі.