Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ҚМДБ төрағасы Мысыр елшісімен кездесті

0 187

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Мысыр Араб Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Манал Ехия әл-Шиннауи ханыммен кездесті.

Кездесуде екі ел арасындағы тарихи-мәдени һәм рухани саладағы қарым-қатынас сөз болды. Бас мүфти елімізде дипломатиялық миссиясы аяқталған елшіге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының игі бастамаларына қолдау көрсеткені үшін айрықша алғысын білдірді.

Сонымен қатар алдағы қызметіне сәттілік пен береке тіледі. Өз кезегінде Манал Ехия әл-Шиннауи ханым Бас мүфтиге өзара ынтымақтастық танытқаны үшін ризашылық ниетін жеткізді. Басқосуда ҚМДБ Төрағасы Діни басқарманың ұйымдастыруымен өтетін І халықаралық Құран жарысының маңызы жайлы атап өтті.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.