Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти бірқатар мұсылман елдердің елшілерімен кездесті

0 590

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы 12 мұсылман мемлекеттерінің еліміздегі Төтенше және өкілетті елшілерімен кездесті.

Атап айтқанда, Монтасер Абу Зейд (Палестина мемлекеті), Манал Әл-Сайед Яхия Әл-Шиннауи (Мысыр Араб Республикасы), Абдулазиз Сұлтан Әл-Румаихи (Катар мемлекеті), Мұхаммед Абдулла Салех Әл Бахрани (Оман Сұлтандығы), Аммар Әлбрейки (Біріккен Араб Әмірліктері), Мохаммед Рашид Маанину (Марокко Корольдігі), Аладдин Абдусалам Лехуайк (Либия Мемлекеті), Омар Ахмед Мұхаммед Мурад әл-Кандари (Кувейт Мемлекеті), Камал Фениш (Алжир Халық Демократиялық Республикасы), Файсал бен Ханиф әл-Кахтани (Сауд Арабиясы Корольдігі), Хамза Махмуд Юсеф Әл-Омари (Иордания Хашимит Корольдігі) және Джабер Нажм Адбулла әл-Темими (Ирак Республикасы) Діни басқармаға арнайы келіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Палестинадағы жағдайға қатысты айтқан сөзін, жалпы қазақ елінің ұстанымын жоғары бағалайтындықтарын жеткізді.

Ал Палестина мемлекетінің елшісі Монтасер Абу Зейд мырза ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлына елшілікке арнайы келіп көңіл айтқаны үшін ризашылығын білдірді. Бас мүфтидің Таяу Шығыстағы қақтығыстардан қаза тапқан мұсылмандар үшін жамағат болып дұға жасау бастамасына алғыс айтты. Өз кезегінде Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан мен мұсылман мемлекеттерінің тығыз қарым-қатынасына себепкер болып отырған елші-дипломаттарға шексіз ризашылығын білдіріп, құрметті қонақтардың игі істеріне сәттілік тіледі.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.