1990 жылы 25 қазанда Жоғарғы Кеңестің қаулысымен Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде танытатын мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылданды.
Декларация аясында ел аумағының тұтастығы, оған қол сұғылмайтындығы, Қазақстан халқының төл мәдениетін, дәстүрін, тілін қайта түлету мен дамыту және ұлттық қадір-қасиетті нығайту, мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер органдарын құру секілді мемлекеттік қағидаттар қамтылды.
Қазақстан 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздігін жариялағаннан кейін, 25 қазан Республика күні мерекесі ретінде аталып өтіле бастады.
Алайда, 2009 жылы сәуірде Республика күні мерекелер қатарынан алынып тасталған болатын.
2022 жылы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күні тарихи мерекесін қайтаруды ұсынды. Одан бөлек, Президент Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін беру туралы шешім қабылдады.
Осылайша, қазақстандықтар Республика күні ұлттық мереке ретінде қайтадан атап өтіле бастады.
Біз де ұлттық мерекені құттықтай отырып, егемендігіміз баянды болуын, азаматтарымыз аман, ел іргесі бүтін болсын деген жүрекжарды тілегімізді жеткізгіміз келеді. Туымыз жығылмасын!