Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

І халықаралық Құран жарысының жеребе тарту рәсімі өтті

0 186

ҚМДБ жанындағы Республикалық бас мешітте І халықаралық Құран жарысының жеребе тарту рәсімі өтті.

Жеребе тарту рәсіміне наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы қатысып, қариларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ жарыстың ережесі мен шарттарын қосымша ескертіп өтті.

Елімізде тұңғыш рет Ұлттық мерекеміз – Республика күніне орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өтетін Құран жарысына 18-30 жас аралығындағы 26 елдің қарилары, сондай-ақ Қазақстан атынан екі жас қари қатыспақ.

Айта кетейік, Қазақ елінде алғаш рет өткелі отырған Құран жарысы ертең Республикалық бас мешітте сағат 10:00-де басталады. Екі күнге созылатын Құран жарысы мүфтияттың төл «Munara TV» телеарнасынан, «Муфтият ҚМДБ» YouTube арнасынан, Діни басқарманың ресми әлеуметтік желілеріндегі парақшаларынан тікелей эфир арқылы көрсетіледі.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.