Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти Қырғызстанда алықаралық конференцияда баяндама жасады

0 393

Қырғызстан Астанасы Бішкек қаласында «Дін және ғаламдық сын-қатерлер» тақырыбында халықаралық конференция өтті. Басқосуға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысып, арнайы баяндама жасады.

«Жаңа замандағы тенденциялар мен сын-қатерлерге төтеп берудің төте жолы – дәстүрлі діни мектеп пен әдет-ғұрыпқа негізделген дала салтын қайта жаңғырту деп санаймын. Бұл бағытта рухани қайта өрлеу мен дүниетанымдық тұрғыдан терең өзгеріс қажет. Біз осы бағыттағы мақсаттарымызды жүзеге асыру үшін Түркі мемлекеттері мүфтилерінің кеңесін құруға бастамашыл болдық. Осыған орай қасиетті Түркістан қаласында өткен кеңес жұмысында дәстүрімізге, болмысымызға, қазіргі жағдайымызға жақын ортаазиялық діни мектептердің рөлін қайта жаңғырту туралы бастама көтердік. Алла Тағала «Мәида» сүресінде адамзат баласына: «Жақсылыққа, тақуалықта жәрдемдесіңдер. Күнәға және дұшпандыққа жәрдемдеспеңдер. Алладан қорқыңдар!» – деп әмір еткен. Хақ Елшісі Мұхаммед те (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Әлбетте менің үмбетім адасушылықта бірікпейді…» деген. Алла Тағала игі істерді бірлесе атқаруға күш-қайрат нәсіп етсін» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.