Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Найб мүфти жұма уағызын айтты

0 525

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының найб мүфтиі, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде жұма уағызын жүргізді.

Найб мүфти жұма намазына жиналған ағайынға «Қоғамға жақсылық пен қайырымдылық жасау» тақырыбында уағыз айтты.

Сансызбай Құрбанұлы қоғамда жақсылы жасау мен мейірімділік танытудың мән-маңызы мен пайдасы жайында баяндап, аталған екі құндылықтың асыл дінімізде алатын орыны жайлы сөз қозғады.

«Адамдармен қарым-қатынаста мейірімді болу – қоғамдағы адамдардың бір-біріне жақсылық жасауына, қарайырымдылық көрсетуіне себепші болатын негізгі сипат. Асыл дініміз адамдарға мейірімділік таныту арқылы адам баласы Жаратушысының мейіріміне бөленетінін үйретеді», – деді найб мүфти.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.