Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

40 шәкірт Құранға түсті

0 274

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде биылғы жаңа оқу жылындағы шәкірттердің алғашқы легі Құранға түсті.

Мешіт жанындағы діни сауат ашу курсы ынталы азаматтар үшін әрі діни сауаттылықты жоғарылатса, әрі жат ағымдардың алдын алу, дұрыс діни ақпарат алудың мүмкіндігі.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде жыл басында сауат ашу жұмыстарының жаңа маусымы ашылған болатын.

Мешітіміздің ұстазы Айгүл Көксегеннің алдынан білім алған 40 шәкірт Құран әліппесі мен тәжуид ілімін тәмамдап, Құранға түсті.

Осыған орай, мешітте арнайы рухани шара өтті.

Шараға Астана қаласы бойынша әйел қыздар секторының меңгерушісі, «Әзірет Сұлтан» мешітіннің ұстазы Бұқарбаева Эльмира арнайы қатысып, шәкірттерге уағыз айтып, Құранның маңызы мен мәнін түсіндіріп, шәкірттерді алғашқы діни сауат ашудағы жетістіктерімен құттықтады.

Шәкірттерге Құран Кәрім кітабы сыйлыққа берілді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.