Жамағат «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде кезекті апталық дастарханда бас қосты. «Берекелі жамағат» апталық іс-шарасы аясында Ережеп айына орай ораза ұстаушыларға ауызашар берілді.
Мешітіміздің найб имамы Әбжан Әбдуәли «Ауызбіршілік» тақырыбында жиналған ағайынға уағыз айтты.
Найб имам Ә.Әбжан асыл дініміздегі ауызбіршіліктің, ынтымақ-берекенің маңызы мен мәні, қасиетті мәтіндердегі сипаты, қоғамымызға тигізер пайдасы жайлы ой қозғады. Сонымен бірге, ғибратты оқиғалармен қабыстыра баяндап берді.
Жиналған жамағат дін қызметкерлеріне дән ризашылығын білдіріп, алғыс айтып тарасты.