Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Алматыда ҚМДБ Ғұламалар кеңесі өтіп жатыр

0 470

Алматы қаласында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің XXXXI мәжілісі өтуде.

Кеңес жұмысында ҚМДБ Төрағасы: «Аллаға шүкір, Ғұламалар кеңесінің жұмысы жоғары деңгейде өтіп келеді. Соның нәтижесінде бірнеше қоғамға пайдалы, өзекті пәтуалар жарияланды. Тиісті концептуалды құжаттар қабылданды.

Тағы бір қуанышты жаңалықтың бірі көптен бері көкейде жүрген «Бабалар ізімен: қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабымыздың тұсауын кестік. Өткен апта Елордамыз Астана қаласында, міне, бүгін зиялы қауым мен ғалымдардың қатысуымен Алматы қаласында да өткізіп алдық. Осы орайда осы еңбектің жарыққа шығуына кеңесте талқылап, атсалысқан баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін. Алла разы болсын» деді.

Айта кетейік, Ғұламалар кеңесінде «мәйек (ұлтабар) ферментінің үкімі», «теріден жасалған желатин үкімі», «тәуарруқ келісімшартының үкімі» пәтуалары, «Уағыз айтудың әдебі мен мәдениеті» құжаты, «Тәртіптік кеңес ережесі» мен «Жастар кеңесінің ережесі» құжаттары талқыланып, бекітіледі. Сондай-ақ Қазақстанның 1 наурыздан бастап бір уақыт белдеуіне көшуіне байланысты жұма намазының уақытын бекіту жоспарланған. Қабылданған пәтуалар мәтіні мүфтияттың ресми ақпарат құралдарында жарияланады.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.