Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Рамазан айына орай Төралқа мәжілісі өтті

0 488

Астанада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен қасиетті Рамазан айына орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісі өтті.

Мәжілісте Бас мүфти: «Өткен жылы ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің мамандары, яғни өздеріңіздің белсенді жұмыстарыңыздың нәтижесінде еліміз бойынша 186 154 сұраққа жауап берілді. Бұл – үлкен көрсеткіш деп атар едім. Шариғат және пәтуа бөлімінің ұсынысымен Ғұламалар кеңесі осыған дейін қоғамдық маңызы бар діни мәселелер бойынша 150 пәтуа қабылдады. Пәтуа беру мүфтияттың басты жұмыс бағыттарының бірі болғандықтан, осы саладағы қызметімізді үнемі жетілдіріп отыруымыз керек. Рамазан айы жақындап келеді. Біз де өз тарапымыздан белсенділік танытып, сұрақтарға дер кезінде жауап беруіміз керек», – деді.

Жиналыс барысында бөлім меңгерушілері өздерінің жұмыс бағыттары бойынша Рамазан айында атқарылатын іс-шаралар жоспарын бөлісті. ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев қасиетті айда жүзеге асатын басты жұмыс бағыттары жайлы Төралқа мүшелерін хабардар етті. Жиын соңында Бас мүфти ҚМДБ қызметкерлері мен облыс бас имамдарына нақты тапсырмалар берді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.