Дүйсенбі, 21 қыркүйек 2026 ж. 10 рабиғул ахир 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 04:26
Бесін 12:12
Екінті 16:23
Ақшам 18:20
Құптан 19:48
Жаңалықтар

Басылымдарды мерейтойымен құттықтады

8 нау 2024 704 рет оқылды
Басылымдарды мерейтойымен құттықтады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы «Түркістан», «Айқын», «Литер» газеттерінің ұжымын мерейтойымен құттықтады.

«Жуырда «Түркістан» халықаралық газеті – 30, «Айқын» мен «Литер» газеттері 20 жылдық белесін еңсерді. Редакциялар ұжымын шын жүректен құттықтаймын. Аталған басылымдар ақпарат айдынындағы орнын айшықтап, сара жолы мен өзіндік бағыт-бағдарын қалыптастырып еліміздегі беделді басылымға айналды. Бүгінде «Түркістан», «Айқын» және «Литер» газеттері егемен еліміздің баянды бастамаларын үзбей насихаттаумен қатар ұлттық құндылықтарымызды ұлықтауға, халқымыздың бірлік-ынтымағын нығайтуға атсалысып келеді. Жақсы жаңалықтың жаршысы болып келе жатқан басылымдардың оқырманы көп болуын тілеймін» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Сонымен қатар ҚМДБ Төрағасы «Түркістан», «Айқын», «Литер» газеттерінің редакцияларын аралап, сый-сияпат ұсынып, журналистерге шығармашылық табыс тіледі.