Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласындағы «Бекет ата» мешіті жанынан ашылған заманауи кітапхана жұмысымен танысты.
Бас мүфтиге Алатау ауданының және «Бекет ата» мешітінің бас имамы Амантай Садиев заманауи құрылғылармен жабдықталған кітапхананың бүгінгі тынысын баяндап берді. Жомарт жандардың қолдауымен іске қосылған кітапханада үлкен мәжіліс залы мен оқырмандар залы бар. Келушілерге ыңғайлы болуы үшін соңғы үлгідегі смарт-экран, компьютер құрылғыларымен жабдықталған. Мұнда діни әдебиеттерден бөлек, тұлғалық дамуға, зайырлы ілімдерге қатысты кітаптар, тарихи және ұлт зиялыларының шығармаларын оқуға болады дейді мешіт имамы.
Ал өз кезегінде ҚМДБ Төрағасы дін қызметкерлерінің бастамасына және оған қолдау көрсеткен кәсіпкер азаматқа ризашылығын білдіріп, жұмыстарына береке тіледі.