Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти мешіт жамағатымен жүздесті

0 549

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде жамағатпен жүздесті.

Мүфти хазірет қасиетті Рамазан айында елордадағы тарихи мешітке ат басын бұрды.

Тарауих намазында жамағатпен дидарласқан Бас мүфти жұртшылыққа «Ауызбіршілік – дін мен дәстүр сабақтасығы» тақырыбында уағыз айтты.

Тақырып аясында ауызбіршіліктің бүгінгі қоғамдағы өзектілігі, өміріміздегі мән маңызы, дүние-ақыреттік пайдасын ғибратты оқиғалармен өріп, кеңінен баяндаған Наурызбай қажы Тағанұлы діни және дәстүрлі құндылықтардың сабақтастығына тоқталып былай деді:

– «Бірлігі бекем елді жау алмайды» дейді бабаларымыз. Бүгінгі дүниедидары құбылған шақта ел ішіндегі азаматтардың береке-бірлігі ауадай қажет. Береке-бірлікте болу – отанымыздың топырағында бүрлеп сан ғасырдан бері құндылық ретінде қалыптасқан дәстүрлі рухани мұрамыз.  Асыл дінімізде де ерекше дәріптелетін қасиет. Ауызбірлігі адамзат өміріндегі маңызды адамдық қасиеттердің бірі.

Сонымен бірге, берекені бұзудың салдары туралы да тұщымды ойларымен бөлісті.

Бас мүфти мешітке жиналған халықпен бірге тарауих намазын өткізіп, елдің амандығы үшін көпшілікпен бірге дұға жасады.

Мешітте соңғы уақытта атқарылған бірқатар кеңейту, әрлеу, күрделі жөндеу жұмыстарының жайы да назардан тыс қалған жоқ.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.