Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Әзірет Сұлтан» мешітінің ақсақалдарынан құралған «Аталар мектебі» басқосу жиынын өткізді.
Кездесуде Астана қаласының өкілі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов ҚМДБ аясындағы аталмыш жоба қазақтың ұлттық құндылықтарын жаңғырту, өскелең буын арасында имандылық пен тәлім-тәрбие беруде аталар институтының орны ерекше екенін атап өтті. Және жиынға қатысушы көпті көрген ақылы дария қарияларға өз алғысы мен жылы лебізін білдірді.
Еске салсақ, «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен еліміздің барлық өңірлерінде бұқара халыққа және жастарға ақыл-кеңес айтатын «Аталар мектебі» құрылған болатын.