«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде әйелдерге арналған семинар өтті.
Астана өкілдігіне қарасты «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің Әйелдер-қыздар секторы мен Аналар мектебінде кезекті семинар адал ас бағытына арналды.
Семинарға ҚМДБ «Халал даму» ЖШС-ның технолог мамандары Әсел Мақсатқызы мен Ардақ Талғатқызы қатысып, жиналған әйел жамағатына адал ас туралы кең көлемді мағлұмат берді.
«Халал даму» мамандары адал астың пайдасы, адам өміріндегі маңызы, діни мән-маңызы және адал ас тұтынудың рухани жақсылығы туралы айтып берді.