Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Әйел жамағаты науырз мерекесін атап өтті

0 165

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде әйел жамағаты ұлттық мерекеміз наурызды атап өтті.

Биылғы ұлттық мерекеміз қасиетті Рамазан айына тура келгендіктен ауызашар уақытында ұлттық мерекенің дастарханы жайылып, ұлттық болмысымызды діни ғибадатпен бірге жаңғыртқан дастархан қазақ дәстүрлі мәдениеті көрініс тапқан рухани шараға ұласты.

Мешіт ұстазы Айгүл Көксегеннің ұйымдастыруымен өткен шарада, барлық қатысушылар тек ұлттық киімдерін киіп, қазақ қыздары мен әйелдерінің киім кию мәдениетін көрсетсе, шара барысында жарапазан айтылып, рухани айдың да құндылықтары қоса көрініс тапты.

Наурыз көже ішіліп, ұлттық ойындар ойнатылды. Жеңімпаздарға наурыз сыйлығы берілді.

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.