Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Қадір түнінде хатым дұғасы жасалды

0 102

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітімізде Қадір түніне жиналған жамағатпен бірге Хатым дұғасы жасалды.

Мешітте тарауық намазында Құран Хатым оқу – Пайғамбарымыз Мұхаммед (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын!) рухани өнегесі негізінде қалыптасқан, жылда атқарылатын дәстүрлі шаралардың бірі.

Қадір түніндегі Тарауық намазында Құран Кәрімнің соңғы сүрелері оқылып, қала жұртшылығымен бірге Хатым дұғасы жасалды.

Бас имам Руслан Байзақов жиналған жамағатты Қадір түнімен құттықтап, бұл түннің қасиеті жөнінде тағылымды уағыз айтты.

Ай бойы хатым оқыған қариларға қазақ жосынымен шапан жауып, жұртшылық ризашылығын, ақсақалдар батасын берді.

Хатым дұғасын оқып, еліміздің амандығы, халқымыздың тыныштығы мен бақ-берекесіне тілек тіледі. Ағайынға тақуалық пен екі дүниенің бақытын, Отанымыз бел халқымызға бақ-береке, табиғи апат болған өңірлерге жеңілдік тілеп дұға жасады.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.