Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Айт намазы оқылды

0 303

Қасиетті Рамазан айының аяқталуына орай, ел мешіттеріндегідей «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде де Ораза айт намазы оқылды.

Жиналған жамағатқа мешітіміздің бас имамы Руслан Байзақов Ораза айттың дініміз бен ұлттық мәдениетіміздегі қадір-қасиеті бөлек айт мерекесімен жиналған жамағатты құттықтады.

ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің басшысы Хасан Аманқұлов арнайы қатысып, жамағатқа айт күнінің артықшылығы, атқарылатын амалдар, дініміздегі мереке-мейрамның орны мен маңызы жайлы уағыз айтты.

Екі бас айт намазы оқылғаннан кейін, арнаулы Ораза айт құтпасы оқылып, құтпа соңынан елімізге амандық, халқымызға бақ-береке, Отанымызға тыныштық, азаматтарымызға екі дүниенің жақсылығын тілеп дұға жасады.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.