Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Мейірім мен түсіністік – кез-келген отбасының негізі

Мейірім мен түсіністік – кез-келген отбасының негізі

0 56

Әйел адам қай жаста болса да, басты қажеттіліктерінің бірі – қамқорлық пен жан-жақты қолдау.

 

Бірақ көп ер адамдар әйелдердің ең үлкен қуанышы тек физикалық жақындық деп ойлайды. Алайда, эмоциялық қамқорлықтың болмауы ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынастың бұзылуына себеп болуы мүмкін.

Әйеліңіз мұндай қажеттілікті сізге ашық айтпауы мүмкін, бірақ оның жанында болуыңызды, қолдауыңызды қажет етеді. Оған деген шынайы махаббат пен қызығушылық, әсіресе ұсақ-түйек детальдарға мән беру – оның жүрегіне апаратын ең оңай жол. Сіз қарапайым деп санайтын нәрселер, әйел үшін маңызды әрі міндетті болып көрінеді. Бұл әрекеттер арқылы ол сіздің оны шынайы жақсы көретініңізді сезінеді.

Сонымен қатар, жатын бөлмеде әйел тек физикалық жақындықты емес, түсіністік пен үйлесімділікті іздейді. Бұл түсіністік оның күнделікті қиындықтарын жеңілдетіп, өзін жайлы сезінуіне көмектеседі.

Ер адамның әйелдің жан-дүниесін түсінуі, оның мәселелеріне назар аударып, бірге талқылауы – әйелге шынайы махаббат пен қауіпсіздікті сезіндіреді. Ер адамдар үшін қарапайым болып көрінетін түсіністік пен қамқорлық – әйел үшін махаббаттың ең басты көрінісі.

материал «Бақытты әйелдің сыры» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.