Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Ілім алу үшін әлеуметтік жағдайыңыз маңызды емес

Ілім алу үшін әлеуметтік жағдайыңыз маңызды емес

0 82

Халифалық заманда әлеуметтік жағдайы әртүрлі отбасылардан шыққан екі әйел ғалым болды.

Өздеріңізге үлгі болсын деген ниетпен қысқаша өмірбаянын бөлісейік:

Абида аль-Маданияя – табиъиндерден болған және өмірін алғаш күң ретінде бастады, яғни Мұхаммед ибн Язидке тиесілі күң болатын. Бірақ Мұхаммед оған мейірімділік танытып, Мәдина ғалымдарының сабақтарына қатысуға мүмкіндік берді. Қажылық кезінде Мәдинаға Испанияның көрнекті хадис ғалымы Хабиб Даххун келген кезде, иесі оған Абиданы береді. Хабиб Даххун күңнің сондай білімділігіне қатты таңғалып, оны босатты және оған үйленіп Андалусияға алып кетеді. Әйел өзінің Мәдиналық ұстаздарынан он мыңнан астам хадис жеткізген. (“Маккари, Нафх, 2/96”)

Зейнаб бинт Сүлейман – керісінше, ханшайым болатын. Оның әкесі Ас-Саффаханың немере ағасы, Аббасидтер әулетінің негізін қалаушы және халиф Мансурдың басқаруындағы Басра, Оман және Бахрейн губернаторы болған. Бірақ бойжеткен алаңсыз, кереметтей өмір сүрудің орнына, өз өмірін білім іздеуге арнады. Ізгі ниетімен білім алып, өз заманының ең жақсы хадис ғалымдарының бірі болды. Көптеген танымал шейхтар Зейнаб бинт Сүлейманның шәкірті атанды.

Өздеріңіз оқығандарыңыздай, ілім алу үшін адамның әлеуметтік жағдайы маңызды емес. Ең бастысы – ниетіңіз. Сол асыл ниет сізді кез- келген сынақты жеңіп, ілім нұрынан нәр алатын жарқын болашаққа жеткізері сөзсіз. Ниетті туралаңыздар!

материал ««Әйел және ілім» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.