Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Шымкентте бабалар рухына 350 Құран хатым дұғасы жасалды

Шымкентте бабалар рухына 350 Құран хатым дұғасы жасалды

0 42

Бүгін Шымкентте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдығына орай дін жолында шейіт болған ғұлама-ғалым, ишан, ахун, имам, молда, ұстаздарды еске алуға арналған «БАБАЛАР РУХЫНА 350 ҚҰРАН ХАТЫМ» шарасы ұйымдастырылды.

Рухани шараға ҚМДБ Бас мүфти кеңесшісі және Стратегиялық талдау және даму бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков, Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, Шымкент қаласы Дін істер басқармасының басшысы Бақтияр Әлтайұлы, Шымкент қалалық Ардагерлер кеңесінің орынбасары Жанпейіс Нұрмағанбетұлы,  ҚР Президенті жанындағы ұлттық құрылтай мүшесі, ақын, «Қаратау өнер» мектебінің директоры  Біржан Байтуов, той ұйымдастыру орталығының жетекшісі Берік Жорабеков, имам-ұстаздар, Әйел-қыздар секторы мамандары қатысты.

Айта кетсек, айтулы шараға орай «Шымкент» медресе-колледжі, «Ықылас» қарилар дайындау орталығының ұстаздары мен мешіт имамдары, әйел ұстаздар мен әжелер метебінің мүшелері 350 рет Құранды толық оқып, елім, жерім, отаным деп өткен бабалар рухына Құран Хатым бағыштады.

Сондай-ақ мүфтияттың 35 жылдығына орай Шымкент қалалық өкілдігінде «ИСЛАМ ЖӘНЕ САЛТ-ДӘСТҮР: ТОЙ  МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» тақырыбында аймақтық танымдық-рухани семинары ұйымдастырылды. Семинар жұмысына ҚМДБ Бас мүфти Смайыл Сейтбеков арнайы қатысып, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының құттықтау сәлемін жеткізді.

Осыдан кейін, бірқатар азаматтар сөз алып, діни басқарма тарапынан атқарылған оң істерге тоқталып, ойларын ортаға салды. Атап айтқанда, Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, Дін істер басқармасының басшысы Бақтияр Әлтайұлы, Шымкент қалалық Ардагерлер кеңесінің орынбасары Жанпейіс Нұрмағанбетұлы, ҚР Президенті жанындағы ұлттық құрылтай мүшесі, ақын, «Қаратау өнер» мектебінің директоры  Біржан Байтуов, той ұйымдастыру орталығының жетекшісі Берік Жорабеков, Қалалық Әжелер мектебінің мүшелері Зулпия Әбілқасымқызы және Рабиға Шәріпқызы арнайы баяндама жасады.

Семинар барысында салт-дәстүрді сақтау, той өткізу мәдениетін қалыптастыру, той жиындардағы ысырапшылдық, асабалардың өрескел қателіктері мен әрекеті, т.б. өзекті мәселелер қаралды.

Басқосу барысында шаһар бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы барша қатысушыларға алғыс айтып, ризалық білдірді. Бұл бағытта кездесулер мен жиында жиі өткізілетін болып шешілді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.