Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти орталық аппарат жиналысын өткізді

Бас мүфти орталық аппарат жиналысын өткізді

0 12

Бүгін елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы орталық Аппарат жиналысын өткізді.


Жиынға Діни басқарма қызметкерлері қатысты. Бас мүфти «Ислам және отбасы құндылығы» жылына орай ұйымдастырылатын іс-шараларға тоқталып, жұмыс жоспарымен танысты.

«Биылғы жылды діни қызмет аясында «Ислам және отбасы құндылығы» жылы деп жариялағанымызды білесіздер. Осы орайда дін қызметкерлері отбасы құндылығын ел арасында дәріптеп, жас отбасыларға бала тәрбиесі, жанұя бақыты жөнінде көбірек насихаттау керек. Өткен жылы имамдарымыз 500-ден астам отбасыны ажырасудан сақтап қалуға оң ықпал етті. Биыл да мұндай жұмыстарды тоқтатпауымыз керек» деді ҚМДБ Төрағасы.

Жиын соңында Бас мүфти Діни басқарма қызметкерлеріне нақты тапсырмалар берді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.