Мешіт ақсақалдары Құранды жүзінен хатым етуді бастады (фото)
Мешіт ақсақалдары Құранды жүзінен хатым етуді бастады (фото)
Рамазан айы – Құран айы. Жәбірейіл періште (ғ.с.) рамазан айында Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Құранды үйрететін.
Мұсылманның бұл айда Құранды көп оқығаны абзал. Сахабалардан бастау алатын ізгі буын мұсылмандары да Құранға ерекше ден қоятын. Осман бин Аффан (р.а.) әр күні Құранды хатым ететін. Ал, кейбір ізгілер рамазанның әр үш күні тарауих намазында Құранды түгел оқып бітіретін.
Ізгілердің, саңлақ сахабалардың өнегелі жолына амал еткен «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің ақсақал шәкірттері күнделікті таң намазынан соң мешіт ұстазы Саметов Сұңғат ұстазбен Құранды жүзінен хатым етуді бастады. Ақсақал шәкірттерден құралған топ Рамазан айы бойы күн сайын қасиетті Құранды хатым ететін болады.
sunna.kz