Күн сайын 300 адамға ауызашар беру жалғасуда (фото)
Күн сайын 300 адамға ауызашар беру жалғасуда (фото)
«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде Рамазан айы басталғалы бері күн сайын 300 адамға ауызашар беру жалғасып келеді.
Мешіт ұжымының бастамасымен, демеуші, жомарт жандардың атсалысуымен Алланың разалығы үшін ораза ұстаған азаматтарға ауызашар беру жыл сайын жалғасып келе жатқан үрдіс.
Қасиетті Рамазан айында ораза ұстаған адамдарға ауыз аштырту – аса үлкен сауап, сонымен қатар ауызаштыртуды ата-бабаларымыз да аса құрметпен атқарып келген ізгі дәстүрі. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Аузы берік жанды ауызашарға шақырып тамақ берген кісі – ораза ұстаған адамның алатынындай сауап алады. Аузы берік адамның сауабынан да еш нәрсе кемімейді» деп сүйіншілеген болатын.
Хадис өнегесін басшылыққа алған мешіт ұжымы Рамазан айының аяғына дейін мешіт жамағатына ауызашар беруді жалғастыратын болады.
sunna.kz