Қадір түніне қатысты жеті сұраққа жауап:
Қадір түні қашан болады?
Қадір түні міндетті түрде ұйықтамау керек пе?
Қадір түні қай уақыттан басталып, қай уақытқа дейін жалғасады? Қадір түнін түнгі 12-ден 1 жарымға дейін күту керек дейді, сол рас па?
Қадір түні Қыдыр ата келе ме?
Етеккірі келген әйелге Қадір түні не істеуге болады?
Етеккірі келген әйелге мешітке кіруге, Құран оқуға, тыссыз Құран ұстауға, намаз оқуға және ораза ұстауға болмайды. Сондықтан, бұл жағдайға тап болған әйел кісі мешітке келмей, Қадір түнін өз үйінде өткізеді. Ардақты пайғамбарымыз өзінің асыл сөзінде: «Етеккірі келген әйел мен ғұсылы жоқ адамға мешітке кіруді халал етпеймін, – дей отырып етеккір кезінде әйел кісіге мешітке кіруіне болмайтындығын айтқан. Ендеше, ондай жағдайдағы әйел Қадір түнін үйінде күтеді. Намаз оқымағанымен Алладан дұға тілеп, тәспі тартып «субхәналлаһ», «әлхамдулиллаһ», «Аллаһу әкбәр» деген сияқты зікірлер мен «астағфирулла» деп кешірім айтып отыруына болады. Сондай-ақ, жаттаған дұға-аяттарын да дұға мақсатымен оқуына болады.
Қадір түні дастархан жайып, есік-терезелерді ашып қою керек пе?
Мешітке келген соң, неден бастаймын?
Жауап: «Қадір түні» деп ниет етіп келген соң, әуелі дәретті болуыңыз шарт. Мешітке кірген соң, екі бас сәлем намазын оқыңыз. Мешіт имамының уағызын тыңдап, жамағатпен бірге намаз оқыңыз. Қалған уақытта отбасыңызға, өзіңізге, жақындарыңызға дұға етіңіз. Құран оқыңыз.
дереккөз: muftyat.kz