Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас имам насихат айтып, Ораза айт намазы оқылды (фото)

Бас имам насихат айтып, Ораза айт намазы оқылды (фото)

0 199

Рамазан – құлшылық пен сабыр, береке мен бірлік айы болса, үш күн бойы тойланатын Ораза айт мейрамы – адамдардың көңіліне көктем сыйлап, жанын жадырататын ұлық мереке. Бұл күні ғұсыл құйынып, үстіне жұпар иіс сеуіп, айт намазына қатысу сүннет. Ораза айт – оразаның аяқталғанын білдіретін мереке. Бүгін еліміздің барлық мешіттерінде Рамазан айынан кейін келетін Ораза айт намазы оқылды.

Осы қасиетті мерекеде «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітіне халық көп жиналды. Отыз күн оразаның сауабын арқалап, Алла Тағаланың үйіне таң сәріден жиналған жамағат сәждеге бас тигізіп, құлшылық етті.

Айт намазын оқып, құлшылық жасауға еңкейген қариядан балағат жасына енді толған жастарға дейін келген. Олар бір ай бойы Алла Тағаланың разылығы үшін ауыз бекітіп ашқұрсақ жүрді, көзді харамнан, құлақты өсектен, тілді ғайбат сөйлеуден тыйды.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің Бас имамы Руслан Нақыпбекұлы Ораза айттың қадір-қасиеті мен осы күні атқарылатын салиқалы амалдар жайлы мерекелік уағыз-насихат айтып, жиналған жұртты қастерлі мерекемен құттықтады.

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.