Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Ораза айтта ұлттық ойындардан сайыс өтті (фото)

Ораза айтта ұлттық ойындардан сайыс өтті (фото)

0 168

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітіндегі Ораза айт мерекесінің жалғасы дәстүрлі спорттық шараларға ұласты. Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан сайысқа мешіт жамағаты әдеттегідей белсене атсалысты. Мешітке мерекелік мінәжат үшін келген қала қонақтары қызықты өткен тартысты тамашалап, қатысушыларға қолдау білдірді.

Халқымыздың қанына сіңген ұлттық ойындарды жаңғырту мақсатында мешіт ауласына жиылған жамағат арасында «Арқан тарту», «Қол күресі»,  «Асық ату», «Гір тасын көтеру» бойынша өзара сайыс өтті.

Айт намазына келген елордалық жұртшылық әрбір аталымға жұмыла қатысып, Ораза айт мерекесінің мерейін асырды. Мерекелік сайыс нәтижесінде «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шыққан үздік жеңімпаздарға мешіт ұжымы атынан арнайы әзірленген сый-сияпаттар табысталды.

sunna.kz

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.