Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Мешіт ұжымы қала тұрғындарын Ораза айтпен құттықтады (фото)

Мешіт ұжымы қала тұрғындарын Ораза айтпен құттықтады (фото)

0 117

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің ұйымдастыруымен Ораза айт мейрамының құрметіне орай ерекше ізгі шара өтті.Мешіттің әйел жамағаты Ораза айт мейрамында серуендеп жүрген қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында айттық тәттілер мен ыстық тоқаштар, бауырсақтар тарту етті.

Ізгі шарада мешіт ұстазы Жайыров Ерасыл Ораза айттың қадір-қасиеті жайында көркем насихат айтты. Мерекені сезінген қала тұрғындары мешіт ұжымына ыстық ықыластарын білдірді.

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.