Алла бұтаққа көтере алмайтын жемісті бермейді. Жаратушың саған жауапкершілік жүктесе, демек, сен оны көтеруге қауқарлысың. Алла сені мүмкін емес тілекпен, өте алмайтын кедергімен, төзгісіз ауыртпалық және шамаң жетпейтін жауапкершілікпен, яғни мүмкін емес нәрсемен сынамайды. Ол сені байлап қойып, сосын сынау үшін Аса Мейірімді. Керісінше, Ол сені шынжырларыңды, шектеулеріңді бұзып, еркіндікке шығуға қабілетті екеніңді өзіңе көрсету үшін сынайды.
Адам қиын жағдайға тап болған кезде одан шығатын жер жоқ деп ойлайды. Кейін, түптің түбінде, Алла Тағаладан жеңілдік келеді. Сафа мен Мәруаның арасында су іздеп жүрген Ажар анамыз баласының аяғының астынан барлық мұсылман ішетін зәмзәм суы шығады деп ойлады ма екен?
Алла Тағала осылайша бір хәлден екінші хәлге қас қағым сәтте ауыстырады. Басымыздан өткерген қиын сәттерді бітпес деп ойлаған едік. Алайда олардың бәрі бүгін жай ғана естеліктер болып қалды. Үмітіңді үзбе! Жаратушыңа Сен! Алладан жеңілдіктің келуін күту – ең үлкен құлшылықтардың бірі.
материал «114» кітабынан алынды,
sunna.kz