«Әл-Ғафур» – қалаған күнәсін кешіруші, кешiрiмдi. Кешiрiм сұраушы құлдарының күнәларын кешiрiп жасырушы.
1. Осы есiмдi 1286 рет қайталап айтқан адамның Алла тағала күнәларын кешіреді. Оған азап пен дұшпандық зияны мен әсерiн тигiзе алмайды. Қатты ашуланып тұрган кiсi оны көргенде тынышталады. Аушының iзi де қалмайды.
2. «Әл-Ғафур» есімін үзбей қайталап жүрген адамды Алла тағала кешіреді. Таршылықтан құтылады. Қорыққандарынан сенiмдi болады, корғалады. Ашулы, ызалы адамдарға қарсы «Я, Ғафур” есімін оқыса, олардың ашуы басылады.
3. Әр парыз намазынан соң осы есімді айтуды әдетке айналдырған адамға аспан халқы (періштелер) тілек-қалауларының орындалуына көмектеседі.
4. Кiмде безгек немесе бас ауруы немесе қандай да бiр уайым-қайғы пайда болса, осы есiмдi бiр қағазға қатарынан үш рет жазып қасында қойнында ұстап жүрсе, Алла тағала оны шағым еткен нәрседен шипа береді.
материал «Алланың көркем есімдері» кітабынан алынды,
sunna.kz