«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде айттық таратылды.
Бабалар дәстүрін жаңғыртып, ата салтымыздың заман тынысы мен өмір ағысына керекті тұстарын жаңғыртып отыру – ұрпақ міндеті, ұлт мұраты. Осы бағытта ҚМДБ бастамасымен Дін мен дәстүр бағыты қолға алынып келеді.
Айт күндері де осы бағыт аясында бірқатар шаралар ұйымдастырылды. Айталық, ұлттық спорт түрлерінен мешіт ауласында мерекелік сайыстар ұйымдастырылса, 135 балаға айттық үлестіріліп, жақсы көңіл-күй сыйланды.
Бұл ізгі бастамадан ерекестер де қағыс қалмады.
«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітіне 350 адамға мерекелік тағам таратылды.
Шара дәстүрімізді жаңғыртып, айттың мәні мен мазмұнына сән берумен қатар, мешітке келуші ағайынға мерекелік көңіл-күй сыйлады.