Жұма, 19 маусым 2026 ж. 4 мұхаррам 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:21
Ақшам 20:38
Құптан 22:24
Жаңалықтар

Айттың бірінші күні 46 807 отбасыға құрбандық еті таратылды

10 шiл 2022 1 037 рет оқылды
Айттың бірінші күні 46 807 отбасыға құрбандық еті таратылды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қоғам алдындағы негізгі қызметінің бірі – қайырымдылық шараларын ұйымдастыру.

ҚМДБ көмекке мұқтаж жандарды қолдау мақсатында биыл да құрбан шалуды офлайн және WWW.QURBAN2022.KZ сайты арқылы онлайн жүзеге асырып отыр.

Құрбан айттың алғашқы күні, яғни, 9 шілдедегі мәлімет бойынша республика көлемінде жалпы саны 14 435 мал шалынса, 2600-ге жуық тапсырыс qurban2022.kz сайты арқылы берілген. Тарқатып айтсақ, қой – 12 786, ешкі – 845, ірі қара – 796, түйе – 8. Барлық мәліметті жинақтап айтқанда, еліміз бойынша 46 807 отбасыға құрбандық еті таратылды.

Еске сала кетейік, онлайн форматта құрбан шалуға qurban2022.kz сайты арқылы тапсырыс беру айттың үшінші күні, яғни, ертең (11 шілде) сағат 16:00-ге дейін жалғасады.

Халқымызда «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деген нақыл сөз бар. Алла Тағала шынайы ниетпен құрбан шалып, мұқтаж отбасыларға мерекелік қуаныш сыйлап, сауапты іске ортақтасқаны үшін барлық азаматқа разы болғай! Айт құтты болсын, ағайын!