Ертеде кіші жүздің Әлім атасынан тараған рулы елдің ішінен Жетес деген тапқыр да, шешен адам өтіпті.
Көпшілік бас қосқан үлкен жиында Жетестің тапқырлығын сынамақ болған бір адам оған: “Адамның, жердің, сөздің, пікірдің сәні неде?” деген сауал қойыпты.
Сонда Жетес іркілместен:
–Адамның сәні – өнер-білім, ақылы,
Жердің сәні – жеміс-өнім, дақылы.
Сөздің сәні – өнегелі, өткір нақылы,
Пікірдің сәні – ең пайдалы, мақұлы, – деп жауап берген екен.
«Ел іші – қазына» кітабынан алынды.
Sunna.kz