Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Адамның сипаттары хақында

0 307

Ер жігіт кең ойлы деп ойлаймыз,

Халқын жауға бермесе.

Әділ деп оны ойлаймыз,

Адалынан тергесе.

Басшы ғой деп ойлаймыз,

Керегің болса ал десе.

Қырағы деп ойлаймыз,

Түзу жолға сермесе.

Ақымақ деп ойлаймыз,

Кемшілікті көрмесе.

Батыр ғой деп ойлаймыз,

Жауға қарсы шапқанда.

Білгіш қой деп ойлаймыз,

Сасқанда айла тапқанда.

Тұлпар ғой деп ойлаймыз,

Сүрінбей тура шапқанда.

Ақын ғой деп ойлаймыз,

Осыларды дұрыс тапқанда.

Ақсауыт деп ойлаймыз,

Шапқанда қылыш өтпесе.

Сабырлы деп ойлаймыз,

Ашуына жол бермесе.

Ер жігіт деп ойлаймыз,

Жолдасын жауға бермесе.

«Шешендік өнер кітабынан» алынды.

Sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.