Астанада діни оңалту мәселесіне арналған жиын өтті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде дін қызметкерлерінің қатысуымен арнайы жиын өтті. Жиынның басты мақсаты – діни оңалту бағыты бойынша жат ағымдардан сақтандыру және осы саладағы жұмысты жетілдіру.
Іс-шараға ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің басшысы Данияр Кенжалин, сондай-ақ Астана қаласы өкілдігі бойынша жауапты маман Рақымқазы Қабдысалым және басқа да дін қызметкерлері қатысты.
Жиында деструктивті діни ағымдардан жапа шеккен азаматтарға дұрыс бағыт-бағдар беру, олармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері мен тәсілдері талқыланды. Данияр Кенжалин өз тәжірибесімен бөлісіп, дін қызметкерлеріне жат ағымдармен жұмыс істеудің негізгі қағидаларын түсіндірді. Сонымен қатар, жиын барысында діни оңалту саласындағы өзекті мәселелер көтеріліп, оларды шешу жолдары қарастырылды.
Бұл жиын дін қызметкерлерінің діни оңалту жұмыстары бойынша білімін жетілдіруге және тәжірибе алмасуға зор мүмкіндік берді.
Іс-шараға ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің басшысы Данияр Кенжалин, Астана қаласы өкілдігі бойынша Жат ағым бөлімінің жауапты маманы Рақымқазы Қабдысалым және басқа да дін қызметкерлері қатысты.