Мешіт жамағатына ҚМДБ концептуалды құжаттары таныстырылды (фото)
Мешіт жамағатына ҚМДБ концептуалды құжаттары таныстырылды (фото)
Бейсенбі кешінде мешіт жамағатына арнайы дастархан жайылып, әдеттегідей мешіт имамдары көркем насихат айтты.Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен концептуалдық құжаттарды талқылап, мешіт жамағатына таныстырды.
«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының рухани (діни және ұлттық) құндылықтарды насихаттаудағы рөлі», «Мұсылманның тұлғалық бейнесі», «Ас беру мәдениеті», «Имамның жамағат намазын өткізу тәртібі», «Қажының рухани келбеті» құжаттарын таныстырып, мазмұны мен маңызын түсіндірді.
Сондай-ақ, мешіт имамдары жиылған жамағатқа имамдардың қызметін жетілдіруге және жамағат арасында ислам құндылықтары бен ата-бабамыз ұстанған салт-дәстүрді дәріптеуге бағытталған концептуалды құжаттарды насихаттау керектігін айтты.
sunna.kz