Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Жамағатқа қажылық дәрістері өткізілді (фото)

Жамағатқа қажылық дәрістері өткізілді (фото)

0 76

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде жамағатқа қажылық туралы арнайы дәріс өткізілді.

Мешіттің бас имамы Руслан Нақыпбекұлы мен наиб имамы Акпаров Кондыбай қажылықтың негізгі шарттары мен рәсімдері жайлы мәлімет беріп, қажылыққа қатысты көптеген сұрақтарға да жауап берді.

Атап айтқанда, қажылыққа кімдер бара алатыны, қажылықтың мәні мен маңызы, оның әрбір сатысының ерекшеліктері және қажылық үшін дайындықты қалай дұрыс жүргізу керектігі сөз болды.

Сонымен қатар, қазіргі таңда қажылыққа барып келу үшін көптеген фирмалар мен туроператорлар қызмет көрсететіні белгілі. Бірақ, осындай сапарға аттанар алдында азаматтар алаяқтардан сақтануы керек. Қажылықты ұйымдастырушы компаниялар туралы ақпараттар беріліп, қажылық сапарынан бұрын маңызды құжаттар мен шарттарды тексеру керектігі айтылды.

Сондай-ақ, Tawaf Travel қажылық компаниясы туралы жан-жақты ақпарат берілді. Бұл компания көптеген қажылық сапарларын ұйымдастыруда танымал және өзінің сапалы қызметімен ерекшеленеді. Tawaf Travel компаниясы қажылыққа барамын деген азаматтарға барлық қажетті көмек көрсетеді, соның ішінде сапардың барлық кезеңдерін ұйымдастыру, тұрақтаудың жайлылығы, діни рәсімдерді дұрыс орындау үшін кеңестер беру және т.б.

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.